Атырау, 12 наурыз 14:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19

Атырауда өткен тәулікте 66 адамнан коронавирус анықталды

3 155 рет қаралды

504 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 56 жағдайы расталды, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 2 науқастан анықталды. 

Сондай-ақ, Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 5 адам, Құрманғазы ауданында - 2, Махамбет ауданында - 1 адам анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 29 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.  

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 98 адам емделіп шықты. 

Қазіргі уақытта  585 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 133, №2 облыстық ауруханада – 125, фтизиопульмонология орталықта – 48, аудандық инфекциялық стационарларда - 135 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 63 адам емделуде.

19 мамыр 2021, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.