Атырау, 23 желтоқсан 00:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Орден мен шен алған жерлестер

3 622 рет қаралды
Серік БОРАМБАЕВ. Фото: YouTube 

Мамыр мерекесінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы Нұрлан АЛДИЯРОВҚА генерал-майор шені беріліп, Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы Қайрат БИЖАНОВ пен Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат СҮЛЕЙМЕНОВ II дәрежелі «Айбын» әскери орденімен марапатталды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында жайғасқан; қолбасшылық штаб Атырау қаласында орналасқан. 51 жастағы Нұрлан Алдияров қазіргі қызметіне 2019 жылдың мамыр айында тағайындалған, ал бұған дейін 4 жыл бойы «Батыс» қолбасшысының бірінші орынбасары болған.

Алдияровтың құрдасы, Қостанай облысының тумасы Қайрат Бижанов биыл 1 наурызда ЭТД басшысы болып тағайындалды.

Ашық ақпарат көздерінде Қанат Сүлейменов туралы ақпарат өте аз, бірақ жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкер қолға алған шулы істер көп. Мәселен, жаңа туған сәбиді өлтірді деп айыпталған облыстық перинаталды дәрігерлердің ісін немесе қазір өтіп жатқан облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Таубаев пен құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығы Басаровқа қатысты сотты алайық. Айта кету керек, жәбірленуші бірден республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағым түсіргенін, ал Атыраудағы жоғары лауазымды шенеуніктерді ұстауға астанадан арнайы топ келгенін атап өткен жөн.

Бірақ біздің оқырмандарды, бәлкім, осы күндері ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымында жүріп, генерал-майор шенін алған жерлесіміз Серік БОРАМБАЕВ туралы жаңалық қызықтыратын шығар. Өйткені ол кезінде Атырау облыстық әскери комиссариатта қызмет атқарған. Ал жалпы Доссордың тумасы.

Фархат ӘБІЛОВ

19 мамыр 2021, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.