Атырау, 25 қараша 08:00
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лукашенко наразылықты әскери техникамен басуға рұқсат берді

2 566 просмотра

Беларусь басшысы Александр Лукашенко наразылықты әскери және арнайы техниканың көмегімен басуға рұқсат беретін заңға қол қойды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Құжат әскери техника немесе қару пайдаланған құқық қорғау орган өкілдерін ұстау кезінде келтірген шығыны үшін жауапқа тартпауға мүмкіндік береді. Тек ұстау "заңнама талаптарына сәйкес жүруі" тиіс.

Енді бұдан былай милиция қызметкерлері азаматтарға өздерінің әрекетін суретке түсіруге немесе видеоға түсіруге тыйым сала алады.

  • Беларусьте жаппай наразылық былтыр тамыз айындағы президент сайлауынан кейін басталған. Орталық сайлау комиссиясы Александр Лукашенконы жеңімпаз ретінде таныған. Сайлау нәтижесінің бұрмаланғанын айтқан наразылар оның отставкасы мен жаңа сайлау өткізуді талап еткен. Олар билікті оппозиция митингісіне қатысқандарға күш қолданды деп те айыптады.
  • Құқық қорғаушылардың мәліметінше, наразылықты басу кезінде кемінде 8 адам қаза болған, 30 мыңнан астам белорус қудалауға ұшырады. Билік оппоненттерінің үстінен мыңға тарта қылмыстық іс қозғады, ондаған адам ұзақ жылға бас бостандығынан айырылды.


18 мамыр 2021, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.