Атырау, 20 сәуір 16:43
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атыраудағы шаңды дауылдар: бұған карьердің қатысы жоқ па?

3 130 просмотра

17 мамырда түске дейін қаланың солтүстік бөлігіндегі Алмагүл ықшамауданынан түтін көрініп, ыстың иісі сезілді. ТЖД баспасөз қызметі «AЖ» сауалына қамыс немесе қоқыс полигоны өртенгені туралы ақпарат жоқ деп жауап берді. Экология департаментінің баспасөз қызметінде де бұл факті тіркелмеген. Бірақ экологтар біздің хабарламамызды тексеру үшін мамандарға жолдады.

Біз «Қазгидромет» сайтынан Атыраудағы атмосфералық ауаның сапасы туралы ағымдағы мәліметтерді қарап, күкіртсутек пен шаң бөлшектерінің, сондай-ақ азот диоксиді бойынша ШРК-ның асқанын көрдік. Бұл бізге таңсық емес. Мысалы, №6 ластануды бақылау нүктесінде (Бигелдинова к-сі, 10 А (Ескі әуежай) PM-бөлшектерінің 162 есе асқанын көрсетті.

Басқа бақылау станциялары 14 мамырдағы мәліметтерді көрсетеді. Мысалы: №1 ластануды бақылау нүктесінде (Азаттық - Әуезов) күкіртсутек (H2S) 4 есе, PM-бөлшектері 100 есе асқан; № 5 ластануды бақылау нүктесінде (Сәтпаев пен Владимирский бұрышы) РМ-бөлшектері 100 есе, күкіртсутек 3 есе асқан.

Айтпақшы, соңғы кездері қаланың кейбір аудандарында, мысалы, Береке ықшамауданы үнемі шаңды болып тұрады. Бұл жерлердегі карьерлердің игерілуіне байланысты емес пе екен? Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы карьерлерге арналған аумақтың елді мекендерден кем дегенде бір шақырым қашықтықта берілетінін, оның шаңды дауылдың көтерілуіне себеп болмайтынын айтты.

- Өңіріміз шөлді және шөлейтті аймаққа кіреді, бұдан басқа, бұл жерде жел жиі болады, себеп осы, - дейді табиғи ресурстар басқармасы.

Айнұр САПАРОВА

18 мамыр 2021, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.