Атырау, 29 наурыз 16:31
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

КҚК құрманғазылықтарға заманауи компьютерлік томограф тарту етті

Сурет
21 061 просмотра

2021 жылғы 17 мамырда КҚК бас директоры Николай ГОРБАНЬ және Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат БЕКЕНОВ  Құрманғазы аудандық ауруханасына ең жаңа компьютерлік томография жүйесін табыстады.

Томографты сатып алу үшін «КҚК-Қ» АҚ 360 млн теңге жұмсады. Жапондық Hitachi фирмасында шығарылған аппарат (SUPRIA моделі) 128 кесікті сканерлеуге мүмкіндік беріп, бүгіл дененің диагностикасын қамтамасыз етеді. Сәуле жүктемесін төмендету үшін IntelliEC дозаны зиятты қайта бөлу алгоритмі және IntelliIP заманауи итерация әдісі қолданылады, олар бейнелерді көру сапасын төмендетпестен дозалардың өте төмен мәндерімен зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Медициналық жабдықты табыстау рәсімінде облыс орталығынан 500 км дерлік қашықтықта орналасқан ауданның барлық тұрғындары үшін аурухананың материалдық базасын күшейтудің маңызы зор екені айтылды.

Covid-19 пандемиясы жағдайында емдеу мекемесі уақытша жұқпалы аурулар ауруханасына қайта бейімделгенін және жаңа жабдық ауруларды диагноздау, соның ішінде коронавирус инфекциясының ауыр түрімен ауыратын пациенттер үшін керек болатынын атап өту қажет.

- Жалпы Атырау облысында 12 компьютерлік томография машинасы, 4 МРТ аппараты, 41 рентген аппараты, 669 оттегі концентраттары, 1514 импульстік оксиметрлері, 267 механикалық желдету аппараттары және 8 оттегі станциясы бар,- деді Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Асхан БАЙДУВАЛИЕВ.

АНЫҚТАМА: 
КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағында энергетика саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 км құрайды. Бұл бағытпен Қазақстанның экспортқа шығарылатын мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ ресейлік, соның ішінде Каспийдегі кен орындарынан шыққан шикізат тасымалданады. КҚК теңіз терминалы шығарылатын үш айлақ құрылғысымен (ШАҚ) жабдықталған, олар танкерлерді жағадан айтарлықтай қашықтықта қолайсыз метеорологиялық жағдайда да қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді. КҚК акционерлері: Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша федералдық агенттік атынан « Транснефть » ЖАҚ (сенімді басқару) - 24%, «КТК Компани» – 7%, « ҚазМұнайГаз » ҰК АҚ - 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% и Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.
18 мамыр 2021, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған