Атырау, 26 қараша 04:39
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Баға ұстап тұру үшін 407 миллион бөлінді

3 227 просмотра

Облыстық мәслихаттың сессиясында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Бауыржан Орынғалиев үстіміздегі жылдағы облыс бюджетіндегі өзгерістер туралы баяндама жасады.

Республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке 6 млрд. теңге түсті, ол мынадай мақсаттарға бағытталған: Индербор поселкесіндегі апатты мектептерді жөндеуге - 249 млн. теңге, Махамбет ауданындағы Бейбарыс селосына - 254,5 млн. теңге, Доссор поселкесіне - 243,5 млн. теңге; Атырау қаласының сол жақ жағалау бөлігіндегі канализациялық-тазарту стансасының құрылысын жалғастыруға - 1 млрд. теңге; Атырау қаласындағы инженерлік желілер құрылысына - 8 млн. теңге; Индер-Қарабау-Миялы жолдарын қайта жарақтауға – 3 млрд. теңге; Бейбарыс селосынан Махамбет ауданының Сарайшық селосына дейін жоғарғы қысымды газ құбырын қайта жарақтауға - 54,5 млн. теңге. Жұмыссыздықты қысқартуға 605 млн. теңге жұмсалмақ. Ол былайша көрініс таппақ: қаладағы және ауылдағы жұмыссыздарды қайта оқытуға - 258 млн. теңге, болашағы жоқ елді мекендердің тұрғындарын қоныстандыруға - 126 млн. теңге, ауылдағы кәсіпкерлерді несиелеуге – 221 млн. теңге.

Бұдан басқа, облыстағы 128 мектеп үшін спорттық мүліктерді алу үшін 46 млн. теңге, азық-түлік бағаларын тұрақтандыру үшін «Атырау» ӘКК-на – 407 млн. теңге, жастар саясатын іске асыру және журнал шығару үшін ішкі саясат басқармасына – 5,6 млн. теңге. мөлшерінде жергілікті бюджеттен қаржылар бөлінген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 наурыз 2011, 20:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.