Атырау, 11 қазан 23:23
 ашықВ Атырау +9
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында №3 емхананың медбикесі коронавирустан көз жұмды

751 просмотра

Әлеуметтік желіде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында медбикенің қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. «AЖ» облыстық денсаулық сақтау басқармасына сауал жолдады,  сол жерде бұл ақпарат расталды.

Жауапта 3 мамырда №3 емхананың 50 жастағы медбикесі ауыр дәрежедегі жедел респираторлық дистресс синдромынан (өкпенің кең қабыну процесінің тез басталуымен сипатталатын тыныс алу жеткіліксіздігі) қайтыс болғаны айтылған. 

Сырқат тарихына сүйенсек, «Ауыр дәрежедегі коронавирус инфекциясы. Жедел ағым. Екі жақты полисегментті пневмония» диагнозы қойылғаны белгілі. Ал 19 сәуірде тапсырылған ПТР тестінің нәтижесі теріс шыққан. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілместен бұрын әйелдің бір апта бойы ауырғанын, дәрігердің көмегіне жүгінбегенін, дәрі-дәрмектерді өзі қабылдағанын, бірақ жұмыста болғанын айтты. Вакцина салдырмаған. 

Еске салсақ, 7 сәуірде Атырау облыстық №2 ауруханасының жұқпалы стационарында босанған әйел коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, ал нәресте шала туылды.

Біз жыл басынан бері Атырау облысында қанша адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болғаны туралы ақпарат беруді өтініп, денсаулық сақтау басқармасына тағы бір сауал жолдадық. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

12 мамыр 2021, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.