Қарағандыда есту қабілеті бұзылған жандар арасында жүзуден Қазақстан чемпионаты өтті. Атырау жүзушілер командасы 3 алтын, күміс және қола алқа жеңіп алды.
Жастар арасында Атау Ернар үш алтын алқаны жеңіп алды. Жастар арасындағы жарыста ол 50 және 100 метр қашықтықта кроль әдісімен, брасспен 50 метр қашықтықта жүзуде алда келді. Анатолий Климов ересектер арасында кроль әдісімен 50 метрге жүзуден күміс және сол әдіспен 100 метрге жүзуден қола алқа жеңіп алды.
* * * * *
Алматыда жастар арасында дзюдодан Б.Махмудовты еске алуға арналған Азия Кубогы өтті. Турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан 400-ге тарта жас татами шеберлері қатысты.
Атырау командасы 3 алқа иеленді. 66 келіге дейінгі салмақта Дінмұхаммед Шаменов күміс алқа, 50 келіге дейінгі Данияр Құлышев салмақта қола алды алды. Әсемгүл Өтегенова 57 келіге дейінгі салмақта дәл осындай нәтижеге қол жеткізді.
* * * * *
Түркістанда қазақ күресінен 9-шы жазғы Универсиада өтті.
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде А.Досмұхамедов атындағы АМУ-дің бірінші курс студенті Әлішер Балабаев 4 жеңісті жекпе-жек өткізіп, турнир жеңімпазы болып танылды. Чемпионның бапкері - Әсет Қабенов.
* * * * *
Нұр-Сұлтанда пара үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтті. Бас бапкер Гүлнар Иманалиеваның жетекшілігімен Атырау құрамасы команда сапында бірінші орынды иеленді.
Насихан Махамбет, Әли Ақылбеков, Жұлдыз Ерубаева және Ерлан Қазиев ел чемпионы атанды. Қадірбек Нұрқожа мен Аружан Ғиниятова күміс, Есқабыл Дәулет, Ақмөлдір Тілеуқұлова, Айгүл Насихатова және Қадірбек Тоққожа қола алқа алды