Әлеуметтік желіде Атыраудағы М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектебінің спорт залында мұғалімдер едендегі тесіктерді мата кесектерімен бітеп жатқан суреттер жарияланды.
Облыстық білім беру басқармасы педагогты кәсіби міндетіне қатысы жоқ жұмыстарға тартқаны үшін мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Ал қалалық білім беру бөлімінің бастығы Фаруза ШАНГЕРЕЕВАНЫҢ айтуынша, қазір ішкі мемлекеттік аудит департаменті бұл мектепте тексеру жүргізіп жатыр.
Айта кетсек, жөндеу жұмыстары 2020 жылы жүргізілді – ағымдағы жұмыстар емес, күрделі жөндеу. Мердігерге кепілдік бойынша қалпына келтіру жұмыстарын атқару туралы хат жолданды.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА