Атырау, 25 қараша 07:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Түркияда шектеу шаралары жеңілдетілді - қазақстандықтар үшін не өзгерді

2 042 просмотра

Түркия 17 мамырдан бастап коронавирустың таралуына байланысты шектеу шараларын жеңілдете бастады.  Осыған байланысты Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер саны артты, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Елде COVID-19 жұқтырғандар саны азаюда. Егер сәуірде күніне 50-60 мың науқас тіркелсе, қазір көрсеткіш 11 мыңға жуықтады.

Түркиядан Қазақстанға ұшатын рейстер

Қазақстанға Turkish Airlines пен Pegasus Airlines рейстерін ашады.

Turkish Airlines әуе компаниясы 2021 жылдың 22 мамырынан бастап Түркістан – Ыстамбұл – Түркістан бағытында жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бастапқыда рейстер А-321Neo әуе кемесімен аптасына 1 рет орындалады.

Сонымен қатар түріктердің Pegasus Airlines  әуе тасымалдаушысы 2021 жылдың 23 мамырынан бастап Шымкент және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты рейсті орындауды қайта бастайды. Рейстер бастапқы кезеңде B-737 әуе кемесімен аптасына 1 рет орындалады.

Стамбул мен Анталияға ұшақтар

Air Astana Ыстамбұлға Алматыдан аптасына екі рет сейсенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Нұр-Сұлтаннан аптасына бір рет бейсенбіде ұшады. Алматыдан Анталияға рейстер аптасына бір рет, сенбіде жүзеге асырылады.

Fly Arystan лоукостері Түркістан-Ыстамбұл-Түркістан бағытындағы алғашқы халықаралық рейске билет сатуды бастады. Рейстер аптасына екі рет жұма және жексенбі күндері жүзеге асырылады деп хабарланған болатын.

SCAT дүйсенбі күндері Шымкент-Ыстамбұл рейсін орындайды.

Түркияда шектеулердің жеңілдетілуіне байланысты рейстердің ұлғаюы жоспарланып отыр ма, жоқ па әлі белгісіз. Егер мемлекеттік органдар ұсыныс жасаса, шешім ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылдануы мүмкін.

Түркияға чартерлік рейстер қашан ашылады

Түркиядағы толық локдаун аяқталғаннан кейін қазақстандық туроператорлар чартерлік рейстердің ашылу мерзімін болжады.

"Түркиядағы толық локдаунның аяқталуына байланысты жағымды ақпарат алдық. Жағдай одан әрі жақсарады деп үміттенеміз. Менің ойымша, 10 маусымға дейін Анталияға арнайы чартерлік рейстер ашылады", - деді  Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей.

Түркияға кіруге қойылатын талаптар

Түркияға кіру үшін қазақстандық паспорттың жарамдылық мерзімі осы елге келген күннен бастап кемінде 150 күн болуы керек.

Түркияға бет алған қазақстандықтар, жалпы барлық басқа ел азаматтары коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР-тест тапсыруға міндетті. Ол тест тапсырған сәттен бастап 72 сағат ішінде жарамды.

Түркиядағы шектеулер

17 мамырдағы жағдай бойынша, Түркияда 1 маусымға дейін күн сайын сағат 21:00-ден 5:00-ге дейін және сенбі, жексенбі күндері 24 сағаттық коменданттық сағат бар. Азық-түлік дүкендері сенбі мен жексенбіде сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Мейрамханалар мен кафелерден тек тапсырыс беруге болады.

Сауда-саттық орталықтары, базарлар мен азық-түлік сатпайтын дүкендер жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. 65-тен жоғары жастағы адамдарға жұмыс күндері сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін көшеге шығуға рұқсат. Бұл коронавирустан толық вакцина алғандарға қатысты емес.

Бұған дейін Түркияда екі жарым аптадан астам уақыт толық локдаун болды. Азаматтарға үйлерінен сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін дүкенге, дәріхана мен ауруханаға ғана шығуға рұқсат етілді.

17 мамыр 2021, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.