Атырау, 5 желтоқсан 08:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Спорт жаңалықтары

Сурет
2 676 рет қаралды
Фото: vk.com/atysport 

Шымкентте жастар арасында белдесіп күресуден Қазақстан чемпионаты өтті.

Атырау құрамасында Ерсін Тұяқбай (60 келіге дейін) чемпион атанды. Қола жүлдегерлер - Жақсығали Бекзат, Жұмабек Жолдасқалиев және Нұрсәт Құттыбаев.

* * * * *

Түркістанда бокстан ҚР Универсиадасы өтті.

А.Досмұхамедұлы атындағы АМУ туының астында өнер көрсеткен Атырау боксының жұлдызы, ауыр салмақта жастар арасындағы Азия чемпионы Аманат Сабырғали екі жеңісті кездесу өткізіп, турнир жеңімпазы атанды.

* * * * *

«Атырау» ДСК-де дәстүрлі облыстық «Атырау барысы» облыстық іріктеу турнирі өтті.

Жарысқа ұлттық стильдегі 16 палуан қатысты. Жеңіс тұғырын (1-ден 3-орынға дейін) Арман Қалиев, Сұңғат Закарияев және Руслан Ізғалиев  бөлісті. Олардың бәрінің күрестен мол тәжірибесі бар, әр жылдары «Атырау барысының» жеңімпазы атанып, «Қазақстан барысында» күш сынаған.

* * * * *

Фото: vk.com/atysport 

«Атырау барыстары» кәсіпқой баскетбол командасы өз алаңында плей-офф финалдық сериясының үшінші матчында «Астанаға» есе жіберіп алды (65:88). Осылайша ол ел чемпионатының тек күміс жүлдегері болды.

Қатарынан үшінші жеңіс елордалықтарға чемпионат жеңімпазы болуға мүмкіндік берді, бұл Астананың тоғызыншы чемпионаты.

17 мамыр 2021, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.