Атырау, 25 сәуір 09:42
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Сот хроникасы

3 575 просмотра

Индер аудандық соты екі жергілікті тұрғындар А.К. және К.Ж.-ға ірі мөлшерде бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге үкім шығарды (ҚР ҚК 188-б. 3-б. 3-т.). Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушылар алдын ала сөз байласып, бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында жергілікті ЖШС бірінің қоймасына кіріп, жалпы сомасы 794 640 теңге болатын автокөлік дөңгелектерін ұрлап кеткен. Сотталушылар өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.

* * * * *

Махамбет аудандық соты азаматша С.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша («Тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу») әкімшілік істі қарады.

Сот осы жылдың сәуір айында «Аққу» сауда үйінің №14 бутигінде азаматша С. тиісті лицензиясыз саудамен айналысқанын анықтады. Ол жасаған ісіне толық өкінді, оған 30 629 теңге көлемінде айыппұл салынды.

* * * * *

Жылыой аудандық соты азамат Н.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі («Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның көлік басқаруы») бойынша әкімшілік істі қарады. Ол бұрын жүргізуші куәлігінен айырылып, Құлсары қаласында көлікпен жүргені анықталды. Сот отырысында Н. өзінің кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сот оған 102 095 теңге көлемінде айыппұл салды. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

15 мамыр 2021, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.