Атырау, 11 қазан 23:28
 ашықВ Атырау +9
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Ораза айт намазын жамағатпен оқуға рұқсат етілді

3 282 просмотра

Ертең, 13 мамырда бүкіл елімізде Ораза айт намазы мешіттердің аулаларында оқылады. Пандемия басталғалы алғаш рет мұсылмандар айт намазын жамағатпен оқи алады.

Естеріңізге салсақ, мешіт аулаларында жамағатпен ғибадат жасауға болатыны жергілікті бас санитарлық дәрігердің Қаулысы негізінде рұқсат етілген.  

- Мешітке келуші жамағат міндетті түрде өзімен бірге жайнамазын алып, бетперде киіп, үйден дәрет алып келуі қажет. Ал,  кәмелет жасқа толмаған балалар мен науқас жандар және әйел адамдар сақтық үшін құлшылықтарын үйлерінен өткізгені абзал, - дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ.

 Айт намазы жергілікті уақытпен таңертең 7:00-де оқылады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

12 мамыр 2021, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.