Атырау, 25 қараша 08:00
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазан мектебіндегі қантөгіс: құрбандармен қоштасу рәсімі өтті

Сурет
2 925 просмотра

©REUTERS

Қазанда №175 гимназияда болған атыста қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 мамырда қайтыс болған екі мұғалім мен жеті жасөспірімді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр. Ұлдардың бірі Қазандағы мұсылман зиратына жерленді, рәсімге тек туыстары қатысты. Тағы бір жасөспірім туған жерінде, Малые Клыки ауылында жерленді. Екі мұғалім Константиновка және Самосырово ауылдарында жер қойнына тапсырылды.

Татарстан президенті Рустам Минниханов билік өлгендерді жерлеуді қаржыландыруды және ұйымдастыруды өз мойнына алуға уәде берді.

©REUTERS

Сондай-ақ, қоштасу рәсіміне мамандандырылған психиатрлар мен дәрігерлер қатысады деп хабарланды.

©REUTERS

Негізгі атыс болған 8 "А" сынып оқушыларымен психологтар жұмыс істеп жатыр. 

©REUTERS

Бұл күн республикада ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Еске салайық, 11 мамырда Қазандағы № 175 мектепте атыс болды. Оны өзін "құдай" деп атаған 19 жастағы Ильназ Галявиев шығарған. Атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты, оның ішінде, жеті оқушы мен екі мұғалім. Атыс шығарған жігіт ұсталды. 

12 мамыр 2021, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.