Атырау, 11 қазан 23:23
 ашықВ Атырау +9
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырауда тәулік ішінде 70 адам COVID-19 жұқтырды

3 077 просмотра

Атырау облысында тәулік ішінде 70 адам COVID-19 жұқтырды. Жұқпалы аурулар стационарларында 500-ден астам адам ем алуда, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 52 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 11 науқас анықталды. 

Облыс аудандарында коронавирустық инфекцияның жаңа тасымалдаушылары анықталды. Соңғы тәулікте Covid-19 расталды: Жылыой ауданының 6 тұрғынында, Индер ауданының 1 тұрғынында.

Коронавирустық инфекциясы бар 37 науқаста ауру тиісті белгілермен жүреді. 33 адамда симптоматология жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 90 адам емделді.

Қазіргі уақытта 678 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 135 адам, екінші облыстық ауруханада – 128 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 52 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 142 адам ем алуда. Теңіз-102 кен орнындағы инфекциялық стационарда. 

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "сары" аймақта орналасқан.

12 мамыр 2021, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.