Атырау, 23 желтоқсан 02:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауға "Hayat-Vax" вакцинасының 7500 дозасы жеткізілді

3 215 рет қаралды

Sinopharm компаниясының вакцинасы Біріккен Араб Әмірліктерінде жасалынды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

11 мамырда аймақтың алғашқы тұрғыны "Hayat-Vax" вакцинасын алды. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің айтуынша, препарат сертификатталған және ерікті негізде вакцинациялауға арналған. 

- Біздің облыста халықты жаппай вакцинациялау жалғасуда. Жақында аймаққа БАӘ шығарған Sinopharm компаниясының "Hayat-Vax "вакцинасының 7500 дозасы жеткізілді. Алғашқы 200 дозаны "Медикер Жайық" ЖШС - не жібердік, қалған дозалар қазіргі уақытта қоймада сақталуда және вакцинация пункттері бойынша үлестірілетін болады, - деп түсіндірді Асхан Байдуаалиев. 

Осылайша, қазіргі уақытта Атырау облысының егу кабинеттерінде Qazaс, "Спутник V" және Hayat-Vax вакциналары қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейік, Hayat-Vax вакцинасының 1 млн дозасын Қазақстанның барлық өңірлеріне бағытталған "Самұрық-Қазына" қоры сатып алды.

12 мамыр 2021, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.