Атырау, 6 қазан 19:41
 дождьВ Атырау +18.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

​«Атырау» көшбасшылардың бірінен жеңіліп қалды

3 708 рет қаралды

Футболдан ел чемпионатының 10-турында «Атырау» командасы қостанайлық «Тобылмен» сырт алаңда кездесіп, 0:2 есебімен ұтылды.

Чемпионат жетекшілерінің бірімен ойында біздікілер ұзақ және сәтті қорғанып, мезгіл-мезгіл қарсы шабуыл жасады. Бірақ шыдамы таусылды ма: 80-минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Серікжан МУЖИКОВ есеп ашты, ал қосымша уақыт ішінде француз легионері Жереми МАНЗОРРО есепті еселеп жіберді.

«Атырау» 11 ұпаймен қазір өзі 14 орынның 9-орнында келеді.  Келесі матч 15 мамырда өз алаңында «Тараз» командасымен өтеді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

12 мамыр 2021, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.