Атырау, 22 маусым 23:04
 ашықВ Атырау +34
$ 427.23
€ 508.19
₽ 5.85

Теңізде ереуілге шыққандар шетелдік менеджерлердің жұмысқа орналасу үшін пара алғанын растайды

2 680 просмотра
Көрнекі сурет

Бұған дейін "АЖ" хабарлағандай, 6 мамырда Теңіз кен орнында "Казстройсервис" компаниясының қызметкерлері еңбекақы төлеу жүйесін өзгертуді талап етіп, ереуіл жариялады. Әлеуметтік желіде тараған видеода жұмысшылардың бірі олардың ешбірі бір айда қанша алатынын алдын-ала білмейтінін айтады.

Мен бұл компанияда 13 жылдан бері монтаждаушы болып жұмыс істеп келемін. Бізге сағатпен төлесін, сосын овертайм үшін бір жарым есе көлемде төлесін. Зауытты салып жатқан осы жұмысшылар, бірақ аз жалақы алады. Егер бізге сағат жүйесі бойынша ақы төленетін болса, бәріміз жұмысқа шығамыз, – дейді ереуілге қатысушы.

"Қазстройсервис" баспасөз хабарламасында айтылғандай, осы оқиғадан кейін компания қызметкерлердің еңбекақысын сағаттық тарифтік мөлшерлемеге ауыстыру туралы ұсынысына бағалау жүргізеді. Сонымен қатар, олар "қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесі ҚР еңбек заңнамасына сәйкес келеді. Жалақы айлық тарифтік мөлшерлемені өндірістік күнтізбе бойынша сағат санына бөлу жолымен есептеледі және жұмыс істеген сағаттардың нақты санына көбейтіледі. Мұнда әр қызметкердің біліктілігі мен тәжірибесі ескеріледі. Негізгі жалақыдан басқа қызметкерлерге қосымша сыйақы мен үстеме ақы төленеді. Салалық жалақыны талдау "Казстройсервис"-те өндірістік персоналдың жалақысы орташа нарықтық деңгейге сәйкес келетінін көрсетеді", - делінген хатта.

Бұдан басқа, жұмысшылар, олардың айтуынша, қазақстандықтарды жұмысқа алу үшін 200-250 мың теңге көлемінде пара алып отырған шетелдік басқарушыларды жұмыстан шығаруды талап етті. Баспасөз хабарламасында осы ақпарат бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқаны айтылған. Компания қызметкерлердің еңбек жағдайларына қатысты бүкіл арызы ел заңнамасына, "Казстройсервистің" ішкі саясатына және ТШО-ның мердігерлерге қатысты талаптарына сәйкес қаралатын болады деп сендіреді.

Жылыой ауданының әкімдігінде хабарлағандай, 6 мамырда сағат 9.20-да №53 учаскенің 350-ге жуық қызметкері және "НГСК Казстройсервис" АҚ Атырау филиалының №44 (ІІІ буын зауыты) учаскесінің 200-ге жуық қызметкері жұмысын тоқтатты. Сол жерге аудан әкімінің орынбасары А.Шәкіров, еңбек инспекторы А. Өмірзақов барды. Олармен кездесу кезінде қызметкерлер наразылық білдіріп, мынадай талаптар қойды:

  • еңбекке ақы төлеу жүйесін сағатына кемінде 1500 теңге сағаттық тариф белгілей отырып, жалақыдан сағаттық төлемге ауыстыру;
  • вахта алдындағы карантинде болған уақыт үшін жалақыны толық төлеу;
  • өткізілген ереуіл үшін ешкімнің қудаланбауы;
  • талаптар орындалғанша ешкім жұмысқа кіріспейді.

Бұдан басқа, олар Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басшысының атына үндеу жолдады.

7 мамырда Теңізге компанияның бас директоры Сәбит ЖАНАСОВ пен бухгалтерия қызметкерлері келді. С. Жанасовпен кездесу қорытындысы бойынша төмендегі мәселелер шешілді:

  1. бүкіл қызметкер 8 мамырдан бастап өз жұмыс орындарына шығады;
  2. тоқтап қалған екі күн толық төленеді;
  3. тарифтік мөлшерлеме сағаттық мөлшерлемеге ауыстырылады;
  4. қызметкерлердің разрядтары біліктілік емтихандары негізінде өзгертіледі.

«Казстройсервистің" өзінде бізге еңбекақы төлеу нұсқаларын пысықтау қорытындылары 15 мамырда белгілі болатынын хабарлады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

11 мамыр, 22:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.