Атырау, 16 сәуір 19:10
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

«Бақсайда қырылған балық әлдеқайда көп»

2 982 просмотра

Махамбет ауданында тонналап қаракөз қырылып жатыр, ал балық қорғау қызметінің ресми ақпараты болып жатқан көріністі толық бермеуі мүмкін.

Еске салсақ, Махамбет аудандық балық инспекциясының өкілі соның алдында Ақтоғай ауылының маңында орналасқан Бақсай көлінен қара балықты құтқару жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, жайылмаға түскен балықтың біразы өлген - бұл шамамен бір тонна.

Ал «Балық шаруашылығы қауымдастығы- BD» ЗТБ төрағасының Жайық-Каспий бассейні бойынша орынбасары Қалыбай ӨТЕПОВ балықтың нақты өлу ауқымы анағұрлым көп деп санайды. Соның алдында ол оқиға болған жерге барып, содан кейін «АЖ» редакциясына өздері түсірген видеоны ұсынды.

- Біріншіден, бұл Жайық деңгейі сәл көтерілген кезде өзен суы жасанды канал арқылы құйылатын жағалаудағы жайылма жер. Сумен бірге жайылмаға көп қаракөз кірді, - деп түсіндіреді Қ.Өтепов. - Екіншіден, өз басым ешқандай құтқару жұмыстарын байқамадым. Балық аулау кооперативтерінің тартылған жұмыскерлері бір тонна емес, одан әлдеқайда көп өлі балықты жинап, дереу көміп тастады.

Оның айтуынша, өлген балық ұзындығы төрт шақырым болатын жайылманың бойымен 3-4 метрге дейін жайылған. Ол аудан әкімдігі мен балық инспекциясы қарапайым шараларды дер кезінде алса, балық жаппай қырылмас еді деп санайды.

- Әдетте балық қырылатын қауіпті жерлер табиғат пайдаланушылардың қарауына бекітіледі. Олар бұл жерлерді бақылауға міндетті. Бұл тәжірибе бұрыннан бар. Алайда, менің білуімше, Бақсай иесіз көл, - дейді Өтепов. Енді ол Қауымдастық атынан кінәлілерді жауапқа тарту туралы арызбен құқық қорғау органдарына жүгінбекші.

Лев ГУЗИКОВ

11 мамыр 2021, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.