Атырау, 25 қараша 07:34
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Татарстанда аза тұту күні жарияланды

2 955 просмотра

12 мамыр Татарстанда аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Татарстан президентінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

11 мамырда Қазан қаласындағы мектептің бірінде атыс болып, 12 адам қаза тапты.

Татарстан Республикасының басшысы Рустам Минниханов Қазан қаласындағы мектепте болған терактіге қатысты БАҚ-қа пікір білдірді.

"Үлкен қасірет. Біз 7 баладан айырылдық. Сегізінші сынып оқушылары. Төрт ұл және үш қыз. Олар осында үшінші қабатта мерт болды. Қазір ауруханада 16 адам жатыр (12 бала, 4 ересек адам). Террорист қамауға алынды. Ол - 19 жаста, оның атына қару-жарақ тіркелген. Басқа сыбайластары әлі табылған жоқ. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Барлық күштер жұмылдырылды. Мектепке де, отбасыларға да көмек көрсетіледі. Бүгін біздің республикамыз үшін, бүкіл еліміз үшін үлкен трагедия. Өкініштен өзегіміз өртенеді", - деді ол жергілікті БАҚ-қа берген сұқбатында.
11 мамыр 2021, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.