Атырау, 23 желтоқсан 01:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Бақсай көлінде де балықтар өліп жатыр

Сурет
4 020 рет қаралды

Махамбет ауданы Ақтоғай ауылы маңындағы «Бақсай» көліне жете алмай қалған балықтар жағада өліп жатыр. Бүгінде балықтарды құтқару жұмыстары жедел жүруде.

-«Бақсай» көліне өзеннен 27 сәуірден бастап су келе бастады. Су сыздықтап ағып, құрғап қалған көл толғанша біраз уақыт кетті. 3-7 мамыр аралығында 1 тоннаға жуық балық өліп, оған акт жасалды,-дейді Махамбет аудандық балық инспекциясының ихтиологы Тілекші ЕСМҰХАНОВА. Оның айтуынша, бүгінде «Құрманғазы», «Жамбыл», «Абылайхан» балық кооперативтері балықтарды құтқару жұмысымен айналысуда.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желіден алынған суреттер

9 мамыр 2021, 23:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.