Атырау, 16 қазан 13:42
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Елді мекендерге ұялы байланыс қосылды

3 836 просмотра

Телефон байланысымен қамту тығыздығы облыс бойынша жүз тұрғынға 23,76 нөмір құраған. Бұл туралы өткен жылдың қорытындылары бойынша өткен кеңесте Атырау облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Ерсайын Дүйсемалиев хабарлады.

Облыс бойынша 196 автоматты телефон стансалары бар, олардың барлығы да цифрлық стансалар. Барлық 186 ауылдық елді мекендер телефон желісіне қосылды. Өткен жыл ішінде Индер ауданының Сармайшағыл (Бұхар), Құрманғазы ауданының Батырбек, Егіндіқұдық ауылдарына және Атырау қаласындағы Жұлдыз ықшам ауданына байланыс келген болатын. Балқұдық ауылына жақын жатқан шопан қоныстарын қамту үшін заманауи базалық WLL-CDMA-450 стансасы орнатылды. FTTH-GPON технологиясы бойынша Нұрсая ықшам ауданындағы жаңа үйлер, Сырым Датов көшесіндегі 4 үй мен Көркем ықшам аудандағы 440 үй оптикалық-талшықты тораптарға қосылған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 наурыз 2011, 20:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.