Атырау, 23 желтоқсан 01:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда автобус қозғалысының сызбасы уақытша өзгереді

3 869 рет қаралды

Атырауда қаладағы маршруттар қозғалысының сызбасы өзгереді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қала көшелеріндегі жолдарға жөндеу жүргізілуіне байланысты қазір «Азаттық- Әуезов» көшелерінің қиылысы жабық. Соған орай, аталған көшемен өтетін қоғамдық көліктердің жүру бағытында біраз өзгеріс бар. Соның ішінде, «Авангард-Балықшы» бағытына қатынайтын №12 автобус енді Авангард ықшам ауданынан Шалқыма аялдамасына дейін, және Балықшы ықшам ауданынан «Маслопром » аялдамасына дейін жүреді.

«Жеңіс» саябағы - Тұрғын үй қалашығы бағытында жүретін №30 автобус әзірге «Жеңіс» саябағынан бастап, Авангард -Тұрғын үй қалашығы көпірінен өтіп, «Мұнайшы» стадионына дейін барады. Сондай-ақ, «Жеңіс» саябағынан бастап, Сәтбаев көшесінен өтіп, «Шалқыма» аялдамасына тоқтайды.

«Әуежай- «Жеңіс» саябағы» бағытындағы №30а қоғамдық көлігі «Маслопром» аялдамасына дейін жүреді.

Атырау ықшамауданы – «Жеңіс» саябағы бағытындағы №1 қоғамдық көлігі «Шалқыма» аялдамасына дейін қатынайды.
Бұдан өзге, төмендегі өзге қоғамдық көліктердің бағыты мынадай болады: (Балықшы ықшамауданынан бастап, "Нарсуд" аялдамасына дейін, ары қарай Ашхабадская көшесіне бұрылып, З.Қабдолов көшесімен Атамбаевқа өтіп, "Стройконтора" аялдамасына тоқтайды).

№20 автобус «Атырау ықшамауданы - Балықшы мөлтек ауданы»
№57 автобус «Дина базары-Дамба»
№51 автобус «Алғабас-Тасқала-Дина базары»
№5 автобус «Дина базары – Құрсай»
№8 автобус «Контейнерный - Водник - Ширина»
№2 автобус «Балыкшы ықшамауданы - Темір жол вокзалы».
Қала ішіндегі өзге автобустардың жүру бағытында өзгеріс жоқ.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!"


9 мамыр 2021, 22:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.