Атырау, 26 қараша 07:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Теңізде «Казстройсервис» жұмысшылары ереуілге шықты

Бейнежазба
5 395 просмотра

Әлеуметтік желіде «Теңізшевройлдың» мердігері «Казстройсервис» мекемесінің жұмысшылары жалақы есептеу жүйесіне наразылығын білдіріп жатқан видео тарады.

Біз «Казстройсервис» басшылығына хабарластық.

- Қазір митинг болған жерде 50-ге жуық адам қалды, олармен әкімдік пен ТШО өкілдері сөйлесіп жатыр, қалған жұмысшылар тарап кетті. ТШО-ның жобасына біздің барлығы 511 қызметкер тартылған. Мәселе былай, жалақы жұмыс сағатының және нақты жұмыс істеген сағатқа сәйкес есептеледі - бұл формуланы ҚР Қаржы министрлігі бекіткен. Ставка айлар бойынша «секіріп» кетуі мүмкін, бірақ тұтас жылмен есептегенде еңбек шартында белгіленген жалақыға сәйкес келеді. Сонымен қатар, тамақтану және тұрмыс жағдайына қатысты шағымдар болды. Бірақ ТШО тұрақты түрде аудит жүргізеді, онда талап айтарлықтай жоғары және кез келген жағдайда біз қызметкерлердің шағымы мен талаптарын орындауға тырысамыз. Бұған дейін шағым болған жоқ, - деп хабарлады компания басшылығы.

ТШО-ның өзінде былай деп хабарлады: «Компанияға «KazStroyService» қосалқы мердігерлік ұйымының қызметкерлері жалақыны есептеуге қатысты алаңдаушылық білдіргені белгілі. ТШО жағдайды мұқият қадағалап отыр. Мердігер компанияның басшылығы туындаған мәселені шешуге жұмыстанып жатыр. Бұл қосалқы мердігер ұйымының ішкі мәселесі болғандықтан, барлық сұрақтарды осы компанияның басшылығына жолдағаныңыз жөн».

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

6 мамыр 2021, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.