Атырау, 26 сәуір 08:45
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Хор атауы өзгерді, бірақ соғыс жылдарындағы әндер қалды

4 373 просмотра

Жыл сайын 9 мамыр қарсаңында Атырауда бірде-бір мерекелік концерт 1995 жылы Анна Александровна ЗАХАРОВА (суретте) құрған соғыс және еңбек ардагерлерінің «Фронтовичка» халық хорының қатысуынсыз өтпейді.

Жас байланысшы Сталинград майданында болған, әскери марапаттары бар. Егде тартқан жасында Атырауда ғана емес, бүкіл Қазақстан аумағында даңқы шыққан «Фронтовичка» деп аталатын хор құрып, оған жетекшілік етіп, тамаша ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті.

2018 жылы хордағы басқа атыраулық майдангерлер секілді Анна Александровна да о дүниелік болды. Сондықтан ұжым қазір «Хор ветеранов труда» деп аталады. Айтпақшы, онда күні кешеге дейін тыл еңбеккері Галина ШАМИНА ән салды. Қазір ол 97 жаста, оған Алла ұзақ ғұмыр берсін.

Хор жетекшісі Люция КАРИМОВАНЫҢ айтуынша, репертуар әлсін-әлі жаңарып отырады, бірақ соғыс жылдарындағы және соғыс туралы әндер басым. «День Победы», «Катюша», «Эх, дороги» және тағы басқа әндер бар.

Айнұр САПАРОВА

6 мамыр 2021, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.