Атырау, 25 сәуір 03:44
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырауда COVID-19 инфекциясының ауыр түрімен ауырған әйел босанған соң көз жұмды

4 121 просмотра

Осыдан бір ай бұрын №2 Атырау облыстық ауруханасының инфекциялық стационарында коронавирус инфекциясынан босанған әйел қайтыс болды. Бізге бұл туралы белгілі болған бойда, Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасына ресми комментарий алу үшін жүгіндік.

«7 сәуірде тыныс жетіспеушілігінің көбейіп жатқанын ескерсек, өңірлік сарапшылар тобы мен республикалық мамандардың ұсынысы бойынша шұғыл арада кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылданды. Салмағы 1490 грамм және бойы 41 см болатын шала туылған қыз бала дүниеге келді», - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының жауабында.

Пациент босану кезінде және босанғаннан кейін инфекциялық стационарда болған. Бірақ 13 сәуірде жүргізілген қарқынды терапия аясында жүрегі тоқтаған. Босанған әйелдің негізгі диагнозы - «өте ауыр дәрежедегі коронавирус инфекциясы, өткір ағымы, ассоциацияланған екі жақты полисегментті пневмония».

Жауапта жаңа туылған нәрестені неонатологтың қарағаны, алғашқы реанимациялық шаралар алынғаны, содан кейін нәрестені облыстық перинаталдық орталыққа жатқызғаны көрсетілген. Қазір ол қарқынды терапия палатасында түтік арқылы тамақтандырылуда, жағдайы тұрақты ауыр.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

6 мамыр 2021, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.