Атырау, 26 сәуір 08:58
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Чемпионды өлтірушіге 15 жыл берілді. Марқұмның ата-анасы жазаны тым жеңіл деп санайды

Сурет Бейнежазба
4 208 просмотра

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты грэпплингтен 18 жастағы әлем чемпионы Есенбек СИҒУАТОВТЫ өлтірді деп айыпталған екі полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарды.

Есенбек Сиғуатов

23 жастағы Б.М. ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-тармағының 6 және 9-тармақтары (Бұзақылық ниетпен басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен адам өлтіру) бойынша кінәлі деп танылып, төтенше қауіпсіздік колониясында 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 26 жастағы Б.Д. 432-бабы (Қылмысты жасырып қалу) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

- Сотталушы Б.М. бұзақылық пиғылмен жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық нормаларын елемей, басқаларға айқын құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, мардымсыз сылтаумен Сигуатовқа 12-калибрлі аңшы мылтығынан бірнеше рет оқ атты, - деді үкімді оқыған судья Тыныштық НҰРЫМОВА.

Бұдан басқа, айыпталушылар жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтеуі керек.

Марқұмның туыстары үкіммен келіспейді.

- Сот отырысында Б.Д. полиция қызметкері ретінде өтті, бірақ үкімде Атырау қаласының тұрғыны деп көрсетілген. Мұны қалай түсінуге болады? Ол 432-бап бойынша ең жоғарғы мерзім - 6 жыл алуы керек еді, бірақ оған тек 3 жыл берді. Екінші сотталушыға да ең көп 20 жыл мерзім берілуі керек еді, оған осы бапқа сәйкес ең аз 15 жыл мерзім берілді. Оның айтуынша, ол көшеден аңшы мылтығын тауып алған, содан кейін оны үйінде бір жылға жуық сақтаған. Неліктен «атыс қаруын заңсыз сақтау» бабын қолданбады? Біз ұлымызды өлтіргендер тым жеңіл жаза алды деп есептейміз, сондықтан сот үкіміне шағымданамыз, - деді марқұмның әкесі Тоқсанбай ОРАЗҒАЛИ «АЖ» тілшісіне.

Ал сотталушы Б.М.-ның әпкесі інісін "жаламен кетіп бара жатыр" деп, үкіммен келіспейтінін мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, Атырау спортының жұлдызы Есенбек Сиғуатов былтыр 9 тамызға қараған түні Амангелді (Дамбы) мен Құрманғазы ауылдарының жасөспірімдері арасында ересек жігіттердің қатысуымен болған жанжал кезінде атыс қаруынан қаза тапқан еді. Атырау облысының полиция департаменті ұзақ уақыт бойы қылмыс кезінде екі күдіктінің де құқық қорғау органдарында қызмет еткенін мойындамады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ және жоғары сатыдағы сотқа шағымдануға болады.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

6 мамыр 2021, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.