Атырау, 23 желтоқсан 01:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда бір тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды

3 760 рет қаралды

«Вирус расталғандардың ішіндегі 65 адам Атырау қаласының тұрғындары. 9 науқас Теңіз кенішінен анықталып отыр» деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

«Соңғы тәулікте вирус Жылыой ауданының 2, Индер ауданының 4, Исатай ауданының 1, Құрманғазы ауданының 4 тұрғынынан расталды. 

Ауру 33 науқаста симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте коронавирустан 131 адам сауығып шықты. 935 адам үй жағдайында, 150 модульдік ауруханада, 112  адам облыстық ауруханада, фтизиопульманологиялық орталықта 77, аудандық инфекциялық стационарда 158, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 96 адам ем алуда» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда 593 адам коронавирус және вирусты пневмониядан емделуде.
Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы бойынша Атырау әзірге «сары аймақта».

6 мамыр 2021, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.