Атырау, 23 желтоқсан 01:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Құрманғазыда жаңа көпір салынады

4 774 рет қаралды

Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылында Үлкен Ганюшкино және Безымянный ықшамаудандарын Бұзаусылан өзені бөліп тұр. Осы екеуін жалғаған ескі жаяу жүргіншілер көпірі қаншалықты қорқынышты болса да, адамдар әлі де әрлі-бері өтіп жатыр. Енді мұнда жаңа заманауи өткел салынады.

"АЖ"-ға аудандық әкімшілік хабарлағандай, жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, тендер өткізілді. «Декор» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Жаңа көпір құрылысына 117 млн теңге бөлінді. Мердігер көпір құрылысы жұмысын жақын арада бастайды. Ал аяқтау мерзімі келесі жылға белгіленді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

8 мамыр 2021, 01:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.