Атырау, 19 сәуір 12:20
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырауда жезөкшелікпен айналысып жүрген өзге облыс тұрғындары анықталды

3 544 просмотра

3 мамырда Атырауда полиция инспекторлары Сәтпаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен тәуліктік пәтерді жалға ала отырып, интимдік массаж қызметін көрсеткен 22-34 жас аралығындағы төрт әйел анықталды. Олар Алматы, Тараз қалаларынан келген. 

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігімен ("Сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсету"), ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабының 2-бөлігімен ("Қазақстан Республикасы азаматтарының бір айдан астам мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы") әкімшілік хаттама толтырылып, саусақ іздері алынды.

4 мамыр күні сол Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінен тәуліктік жалға беретін және ұзақ мерзімге жалға беретін 2 пәтерден интимдік қызмет көрсеткен Түркістан, Шымкент, Қызылорда қалаларынан келген 22-30 жас аралығындағы төрт азаматша анықталды. Оларға да Әкімшілік кодекстің сол баптарымен хаттама толтырылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет Атырау облыстық Полиция департаментінен алынды

6 мамыр 2021, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.