Атырау, 19 сәуір 08:03
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Уылдырық шашуға шыққан қаракөз жайылмада қалып қойды

Бейнежазба
2 442 просмотра

2 мамырдан бері Жайықта балық қырылып жатыр. Бесікті ауылының маңындағы Безымянное жайылмасына сумен бірге уылдырық шашу үшін балық та келген. Әлеуметтік желіде балық өлекселері түсірілген бейнежазба тарап жатыр. 

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының баспасөз қызметі осы факт бойынша комиссия құрылғанын хабарлады. 

- Соңғы 2 жылда бұл жерде су мүлдем болған жоқ, ал биыл Жайықтағы су деңгейі сәл жоғары болды, сәйкесінше, бұл жерлерге су толды. Сумен бірге қаракөз де келді. Өткен жылдары уылдырық шашқаннан кейін балық кері кетсе, бұл жолы оттегінің жетіспеуінен кері кете алмай, қырыла бастады, - деді инспекцияның баспасөз хатшысы Әсел ИШАНОВА

Оның айтуынша, ол жерде балық инспекторлары мен құқыққорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Су қоймасына баратын жол жабық, тірі қаракөз балығы жырадан Жайыққа ауыстырылды, ал өлі балықтар жерге көму арқылы жойылды.

 2 мамырда 3 тоннадан астам балық құтқарылды. 471 кг балық қырылды. 

- Жұмыс жалғасуда. Безымянное жайылымына балықты қалдыру керек пе, жоқ па, жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша комиссия шешім қабылдайды. Ол оттегінің деңгейіне, мелиорациялық жұмыстарға және т.б. байланысты болады. Ал қырылған балықтың нақты саны саналғаннан кейін белгілі болады, - дейді Ищанова.

Нұргүль ХАЙРУЛЛИНА 

3 мамыр 2021, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.