Атырау, 26 сәуір 16:48
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Ақ үй" жыл соңына дейін екіге бөлінеді

3 420 просмотра

Атырауда облыстық әкімдік ғимаратына жапсарма ғимарат салынып жатқанына үшінші жыл болды. ЖСҚ әзірленгеннен кейін жобаның сметалық құны 13,5-15 миллиард теңгеден (!) 8,2 миллиардқа дейін азайды. 

«АЖ»-ға облыстық әкімдік хабарлағандай, қазір мердігер «Казстройподряд» мекемесі әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, «Ақ үй» жапсарма үшін қымбат итальяндық жиһаз сатып алғысы келеді деген қауесет тарады. 

- Жиһаз және басқа жабдықтарды сатып алу құрылыс аяқталғаннан кейін қарастырылады. Қазір бұл туралы ештеңе айта алмаймыз, - деп жауап берді облыс әкімдігі. 

Естеріңізге салсақ, 2018 жылдың сәуірінде сол кездегі облыс әкімі Нұрлан Ноғаев әкімдіктің барлық басқармасын жаңа ғимаратқа жинауды ұсынған болатын. «Атырау» мәдени орталығын бұзып, орнына 6 қабатты ғимарат тұрғызу туралы шешім қабылданды. Содан кейін оған тағы 2 қабат қосып көтеруді ұйғарды. 

Жоба бойынша ғимараттың бірінші қабатында үлкен мәжіліс залы, басқа қабаттарда - облыстық мәслихатқа, басқармалар мен бөлімдерге, сондай-ақ әкім орынбасарларына арналған кабинеттер мен залдар орналасады. Облыс басшысына ең жоғарғы қабат бөлінген, онда кең кабинет, селекторлық кеңеске арналған зал, шағын асүйі бар асхана қарастырылған. 

Әкімдіктің ескі (ескі «ақ үйде» қалатындар да бар) және жаңа ғимараттары ені алты метрлік екі қабатты галерея өткелімен жалғасады. 

Фархат ӘБІЛОВ

5 мамыр 2021, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.