Атырау, 14 қазан 08:07
 дождьВ Атырау +18.5
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

"Молекула" Алмагүлге көшіріледі

3 565 рет қаралды

Мұхтар Әуезов даңғылын қайта жаңарту кезінде жолшылар Атырау қаласының көрнекті жерлерінің бірі - айналма жолдағы «Молекула» композициясын бұза бастады.

- Ол Сұлтан Бейбарыс даңғылының бойына Алмагүл ықшамауданындағы айналма жолға ауыстырылады. Оның орнына бағдаршам орнатылады, - деп хабарлады қалалық әкімдік «AЖ»-ға.

«Молекула» композициясы 2001 жылы орнатылған (суретші А. Ковальчук, сәулетші П. Павлов). Қала тұрғындарының көпшілігі оны талғамсыз жасалған десе, ал басқалары, керісінше, оны қызықты деп санады.

Фархат ӘБІЛОВ

Автор түсірген сурет

4 мамыр 2021, 23:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.