Атырау, 26 сәуір 11:06
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Тұрғындар үшін электр қуатының тарифі 15%-ға өсті

3 508 просмотра

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті электр энергиясын бөлшек саудада сату үшін «АтырауЭнергосату» ЖШС-нің шекті бағалары туралы келісімге келді. 

Жеке тұлғалар үшін бұл - 5,44 теңге /кВтсағат (өсім 15%); басқа тұлғалар үшін - 26,21 теңге/кВтсағат (26,9% -ға); бюджеттік ұйымдар үшін - 31,47 теңге/кВтсағат (39% -ға); ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен өңдеуге және «Атырау облысы Су Арнасы» КМК үшін - 21,03 теңге/кВтсағат (26,7% -ға).

Еске салсақ, наурыздың аяғында «АтырауЭнергосату» директоры Тұрлан ДОЩАТОВ қоғамдық тыңдау кезінде ТМРА-дан жеке тұлғалар үшін тарифті 79,3%-ға, басқа тұлғалар үшін 40%-ға; бюджеттік ұйымдар үшін 191,8%-ға; ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен өңдеуге және «Атырау облысы Су Арнасы» КМК үшін 40%-ға көтеруді сұраған еді.

Ол «Атырау ЖЭО» АҚ электр энергиясының шекті тарифінің 65%-ға көтерілуін, электр энергиясын беру және тарату тарифінің көтерілуін, жабдықтау үстемесінің өсуін және т.б. негізгі себеп деп атады.

Энергетиктердің өтініші ішінара қанағаттандырылғанын көріп отырмыз.

Департамент тарифті көтеру бойынша негізгі ауыртпалық бюджеттік ұйымдарға түскенін атап өтті. Дегенмен, тұрғындар үшін 15 пайыздық өсімі де аз емес.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

4 мамыр 2021, 23:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.