2 мамыр күні футболдан ел чемпионатының 9-турында «Атырау» командасы «Мұнайшы» стадионында Маңғыстаудың «Каспий» футбол командасын қабылдады. Кездесу қорытындысында есеп алаң иелерінің пайдасына 2:1 болды.
«Каспийдің» қақпасына алғашқы гол 16-минутта соғылды –бразилиялық легионер Брайан Сильва Гарсия ерекше өнер көрсетті. Ал үш минуттан кейін оның отандасы Алекс Бруно есепті екі есеге арттырды. 40-минутта біздің қақпамызға пенальти тағайындалып, оны Давид Караев жүзеге асырды. Алаң иелерінің жеңісін айқындайтын 2:1 болған есеп матчтың соңына дейін өзгерген жоқ.
«Атырауда» қазір 11 ұпай бар және команда турнир кестесіндегі «алтын ортаға» жақындады. Келесі матч – 9 мамырда, «Атырау» қостанайлық «Тобылдың» ойын алаңына барады.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА