Атырау, 26 сәуір 08:57
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Жайық, Қиғаш және басқалар: өр суы деп айту қиын

3 145 просмотра

Жыл сайын Жайыққа су көп келеді деп үміттенеміз. Бірақ үмітіміз ақталмай келеді.

2021 жылғы өр суы келетін кезеңге Ириклин су қоймасына су ағыны 1,6-2,4 млрд текше метрді (норма 1,2 млрд) құрайды деген болжам ақталмады: су келе бастағаннан бері су қоймасына келген жалпы су көлемі небары 326 млн текше метрді құрады.

Жайық-Каспий су ресурстарын реттеу және қорғау инспекциясының басшысы Ғалидолла ӘЗИДУЛЛИННІҢ айтуынша, 23 наурыз бен 18 сәуір аралығында Ириклин су қоймасынан ағызылатын судың жалпы көлемі жоспарланған 520,1 млн текше метрдің орнына 71,2 млн текше метрді құрады.

Жайық: алдын ала жасалған есеп бойынша, 4 айдағы ағынның жалпы көлемі 1900 миллион текше метрді құрайды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 миллионға көп, бірақ күткен мөлшерден әлдеқайда аз.

Қиғаш: Волгоград су қоймасының жұмыс режиміне сәйкес, 16 сәуірден бастап су жіберу көлемі күн сайын секундына 2000 текше метрге артып, секундына 25000 текше метрге дейін жеткізіледі. Содан кейін ол біртіндеп азаяды.

Жем: өзеннің орташа көпжылдық ағысы 325 миллион текше метрді құрайды, 2020 жылы барлығы 42 миллион келді, бұл норманың 13% құрайды. 2021 жылы көктемгі өр суы 48-72 млн текше метр шамасында болады деп болжануда.

Ойыл: орташа жылдық ағысы 127 млн текше метр, 2020 жылы 13,6 млн текше метр ғана келді, бұл 10%. 2021 жылы көктемгі өр суы 27-41 млн текше метр шамасында болады деп болжануда.

Ғ.Әзидуллиннің айтуынша, Жем мен Ойылдың су деңгейі 2019 жылдан бері күрт төмендеді, себебі жауын-шашын аз болды. Бұл өзендердегі судың 95%-ы қар мен жаңбырға байланысты. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

3 мамыр 2021, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.