Атырау, 20 сәуір 07:19
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Ұрының Жайықты жүзіп өтпегені дұрыс болды

2 506 просмотра


28 сәуірде ЖБО қызметкерлері монитордан Темірханов көшесіндегі құрылыс алаңында екі адам «болгарканың» көмегімен құрылыс іргетасының арматурасын кесіп жатқанын көреді. Полиция жасағын көріп, ұрылар қаша жөнеледі, біреуі Жайыққа секіріп кетеді.

Трагикомикалық бейнежазба бар: ер адам суға секіріп кетті, ал оның артынан жүгірген полиция қызметкері оның ойлана-ойлана жағаға қарай келгенін бақылап тұрды, тәртіп сақшысының қолына өзі келді. Айтпақшы, сол жерге шақырылған құтқарушылар да қайықпен келіп қалған еді.

- Анықталғандай, өзенге секірген азамат - 35 жастағы Атырау қаласының тұрғыны, - деп хабарлады полициядан.

Кейін екіншісі де ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фархат ӘБІЛОВ 

Атырау қаласы полиция басқармасының ЖБО бейнежазбасы

30 сәуір 2021, 20:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.