Атырау, 24 сәуір 19:52
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Ауруханада су жоқ» - «Жоқ, бар!»

2 843 просмотра

«АЖ»-ның Құлсарыдағы оқырмандары 29 сәуірде Жылыой аудандық ауруханасының хирургия және әйелдер босанатын бөлімдерде су жоқ деп хабарлады. Ал аудандық аурухана әкімшілігі 10 тонна резервуар барын, су тоқтаған кезде сол арқылы суды үздіксіз беріліп тұрғанын жеткізді. Кімге сенетінін оқырмандардың өзі шешсін.

«Жылыойсу» МКК әкімшілігінің хабарламасында «Құлсары қаласына ауыз су жеткізіп беруші «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС тарапынан 2021 жылдың 27 сәуірінде «Астрахан–Маңғышлақ» магистральдық суағызғысы бойынша су айдау 72 сағатқа және «Құлсары-Прорва» суағызғысы бойынша су айдау 48 сағатқа белгіленген жоспар бойынша толық тоқтатылып, жөндеу-профилактикалық жұмысы жүргізілді» делінген. Ал аудандық аурухана сол 10 тонна резервуар бар екенін айтты. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 мамыр 2021, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.