Атырау, 27 сәуір 04:02
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Екі мектептің жыры

Сурет
3 687 просмотра


Құрманғазы ауданында бұдан үш жыл бұрын басталған Орлы және Нұржау ауылдарындағы орта мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарының бітер түрі жоқ. Екеуінің де оқиғасы ұқсас, басында мердігері де бір мекеме болған.

2018 жылы Орлы ауылындағы Н.Манаев атындағы орта мектептің күрделі жөндеуіне бюджеттен 191 млн 594 мың теңге бөлінген еді. Тендерді «ЭкспрессСтрой» ЖШС жеңіп алды да, ол өз міндеттемесін орындай алмады. Бір жылдан кейін бұл жұмысты ЖК «Мурзагалиев С» қолға алды, ол да оқсатпады. Бүгінде кафель төсеу, су сақтайтын құдықты жөндеу, балалардың ойын алаңын салу, кәріз жүйесін іске қосу,спортзалға, асханаға желдеткіш, ауа сору жүйесін қосу аяқталмай қалды. Тапсырыс беруші – Н.Манаев атындағы орта мектеп – мердігер ЖК «Мурзагалиев С»-ті «жосықсыз» деп тану және күрделі жөндеуді мәжбүрлі аяқтау жөнінде Атырау облысы ауданаралық экономикалық сотқа жүгініп, қазір іс сотта қаралуда.

Дәл сол 2018 жылы «ЭкспрессСтрой» ЖШС Нұржау ауылындағы орта мектептің де күрделі жөндеу жұмысын тендерден жеңіп алды. Оны да келістіре алмай, айналғанда соттың қорытындысымен «жосықсыз» деп танылды. Одан кейін «СтройИнвестТуркестан» ЖШС-і жөндеу ісін жалғастыруға кірісті, алайда пандемияға байланысты жұмысты аяқтай алмай, мерзімін 2021 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға қосымша келісім шарт жасасты. Енді қалғаны ұзындығы 250 метр болатын мектептің қоршауы, асфальт пен төсемтас төсеу жұмыстары қалып тұр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор   

3 мамыр 2021, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.