Атырау, 12 қазан 03:18
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырауда соғыс ардагері Тұраш Көптілеуов дүниеден озды

3 979 просмотра

28 сәуірде біздің өңіріміздегі соңғы тірі қалған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірі – Тұраш Көптілеуов дүниеден озды. Ол 94 жаста еді.

Ол Жылыой ауданының тумасы. Майданға 1944 жылы кетіп, 2-ші Белорус майданының 375-ші полкінің құрамында соғысқан, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Үйіне 1950 жылы оралып, көп жылдар бойы Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясында еңбек етті.

Біздің өңірде тек екі майдангер қалды – Айдын АЙБАРОВ пен Закария СҰЛТАНОВ. 

Ляззат КАРАЖАНОВА

29 сәуір 2021, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.