Атырау, 12 қазан 03:26
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Атырауда бір тәулікте 110 адам коронавирус жұқтырып алды

3 034 просмотра

1160 адам амбулаторлық жағдайда емделуде, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте Атырау қаласында 75, ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 5 науқастан қауіпті індет анықталды. Сондай-ақ,  Жылыой ауданының 13, Индер ауданының 2, Қызылқоға ауданының 3, Құрманғазы ауданының 7, Мақат ауданының 2, Махамбет ауданының 3 тұрғынында коронавирус расталған. 

Коронавирустық инфекциясы бар 60 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 153 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 1160 адам үй жағдайында, 180 - модульдік ауруханада, 101 - екінші облыстық ауруханада, 98 - фтизиопульмалогиялық орталықта, 162-аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Ал, Теңізкен орнындағы инфекциялық стационарда 114 науқас дәрігер бақылауында.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта қалып отыр.

Вакцина егу туралы мәлімет

28 сәуірдегі мәлімет  бойынша "Спутник V" және "QAZVAC" вакциналарының I компонентін 2384 жергілікті тұрғын алды. Оның ішінде-121 медицина қызметкері, 149 педагог, 57 полиция қызметкері, 12 студент, 12 жабық мекеме қызметкерлері, 326 құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 88 мемлекеттік қызметші, 20 созылмалы аурумен ауыратын адам, 1599 жергілікті тұрғындар бар. 

Биылғы  1 ақпан мен 28 сәуір аралығында "Спутник V" және "QAZVAC" вакциналарының компоненттерімен 22612 адам вакцинацияланды. II компонентпен 5789 адам егілді.

29 сәуір 2021, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.