Атырау, 23 желтоқсан 03:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Коронавирусқа шалдыққан 36 науқас облыстық жансақтау бөлімінде жатыр

3 309 рет қаралды

21 сәуірдегі таңертеңгі жағдай бойынша 634 адам COVID-19-ға қарсы ем алып жатыр. Ауруханалардың толу деңгейі 30,7% (2068 кереуетке) құрайды:

1095 адам үйден ем алуда;

модульдік ауруханада - 170 науқас;

облыстық аурухананың жұқпалы аурулар стационарында - 104 науқас;

фтизиопульмология орталығында - 55 науқас;

аудандық жұқпалы аурулар стационарларында - 148 науқас;

Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында - 157.

Жансақтау бөлімінде 36 науқас жатыр, оның 6-уына ИВЛ аппараты қосылған. Толу деңгейі - 44,5% (81 кереуетке).

Естеріңізге салсақ, Атырау облысында коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеу үшін 2068 кереуеттік 11 жұқпалы аурулар стационары дайындалған, оның 81-і реанимациялық кереуеттер. Атырау қаласында 430 кереуеттік 3 стационар, Теңіз кен орнында 1360 кереуеттік стационар, ал 7 ауданда 278 кереуеттік жұқпалы аурулар стационарлары жұмыс істеп тұр.

21 сәуір 2021, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.