Атырау, 29 наурыз 11:30
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Атырау Энергосату» электр энергиясы үшін тарифті 79%-ға көтеруді сұрайды

4 032 просмотра

«Атырау Энергосату» ЖШС Атырау облысы бойынша ТМРКД-не электр энергиясын бөлшек саудада сату қызметіне шекті бағаны көтеру жөнінде хабарлама жолдады.

ЖШС директоры Тұрлан ДОЩАТОВТЫҢ айтуынша, кәсіпорын 2020 жылды 2 миллиард 107 миллион теңге қарызбен жапқан, ал биылғы 3 айда тағы 572 миллион теңге қарыз болды.

- Қазақстан бойынша электр энергиясының ең төменгі тарифі бізде - 1 кВт/сағ үшін 4,73 теңге. Мысалы, Ақтөбеде бұл 8,75 теңге, Ақтауда 11,96 теңге, БҚО-да 11,91 теңге. Тиісінше, біз жеке тұлғалардан тарифті 8,48 теңгеге дейін - өсім 79,3%, ал заңды тұлғалар үшін 40%-ға: 20,64 теңгеден 28,9 теңгеге дейін көтеруді сұрап отырмыз, - дейді Т.Дощатов.

Оның айтуынша, ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығы бойынша энергияны сатып алатын энергия өндіруші AЖЭО кәсіпорны осы жылдың 1 сәуірінен бастап тарифтерін 65%-ға көтерген.

Қоғамдық тыңдауға қатысқан Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілі Анар АХМЕТОВА әкімдіктің мұндай өсімді қолдамайтынын айтып, тарифті бірнеше жыл бұрын қолданыста болған 5,31 теңге көлемінде жасауды сұрады.

Өз кезегінде, ТМРКД басшысы Әлібек ТӨЛЕП «Атырау Энергосату» жолдаған хабарлама тек қана жоба екенін, департаменттің шешімді сәуірдің соңында қабылданатынын атап өтті.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

20 сәуір 2021, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.