Атырау, 20 сәуір 15:18
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Оқиғалар тізбегі

3 421 просмотра

«Бекіре-2021» балық қорғау акциясы барысында патрульдік полиция қызметкерлері «Дина» базарының жанында «Лада Калина» маркалы көлікті тоқтатып, жүксалғышынан 270 келі сазан тапты, - деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі. Сонымен қатар, 10 сәуірге қараған түні қала маңындағы Амангелді ауылының тұсында «Газель» автокөлігі тоқтатылды – 51 жастағы жүргізуші 300 келі қара балық тиеп алған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

* * * * *

Атырауда «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы нәтижесінде полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 50-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, олардың 12-і жолаушы және  жүк тасымалдау ережесін сақтамағаны үшін, 4 - і телефон пайдаланғаны үшін, 2 - маневр жасау ережесін бұзғаны үшін, 6 – көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін, 2 – көлік құралдарын тиісті құжатсыз басқарғаны үшін, 1 – жолаушы және жүк тасымалдау ережесін бұзғаны үшін, 8 жол белгілері немесе жол таңбаларымен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін, 15-і сыртқы жарық аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін.

* * * * *

Атырауда жыл басынан бері отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 650-ден астам қорғау нұсқамасы шығарылды. Жақында осындай нұсқама (30 күнге беріледі) 62 жастағы қала тұрғынының ұлына қатысты шығарылды, бірақ екі аптадан кейін қарт ана тағы да үйде маскүнемдік әрекет жасады деп шағымданды. Бағы ашылмаған ұлға ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы («Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу») бойынша хаттама толтырылып, сот оны үш тәулікке қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Дәл осындай оқиға Атыраудың 43 жастағы тұрғынында кездесті, айырмашылығы – ұлы емес жолдасы жасаған. 38 жастағы мас күйде болған жолдасы үйде жанжал шығарғаннан кейін әйелі полицияға жүгінді. Учаскелік инспектор қорғаныс нұсқамасын шығарды, бірақ үш аптадан кейін күйеуі сол мінезін тағы көрсетті. Жиналған құжаттар сол 461-бап бойынша әкімшілік сотқа жіберілді. Заңға жүгінсек, қорғау нұсқамасы – тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға тыйым салу, ал егер ерлі-зайыптылар бөлек кеткен болса, жәбірленушіні еркінен тыс іздеу, қудалау, бару, ауызша, телефон арқылы сөйлесу және онымен басқа тәсіл арқылы байланыс жасауға тыйым салынады. 

20 сәуір 2021, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.