Атырау, 19 сәуір 15:10
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

О дүниелік боп кетсем...

764 просмотра

- Мен өмірден өтіп кетсем, «Мой мир» әлеуметтік желісіндегі аккаунтыма не болады?

Телефон бойынша

«Егер сіздің бетшеңіздің жады10 кб-дан аз болса, оны үш айдан кейін жояды, - деп жауап берді бізге mail.ru әлеуметтік желісінің әкімшілігі. – Егер бетшеңіздің жады үлкен болса, нақты мерзімі белгісіз ұзақ уақытқа дейін сақталады». 

Әңгімені әрі қарай сабақтасақ, өлген танысынан желі арқылы әр түрлі тақырыпта, мәселен, туған күнді, мерекелерді тойлау сияқты хабарламалар келіп жатса, кімді болса да жағымсыз сезімге бөлері сөзсіз. Бұл жағдайда досыңызды тізімнен кетіріп тастауға, бұған дәтіңіз бармаса, қолданушыға «елемеу» қызметін қосуыңызға болады.

Туысқандарының немесе олар жоқ болса, оларға теңестірілген тұлғалардың (жұмыстас ұжымы) талаптары бойынша өлген адамның аккаунты қосымша хабарлама беру арқылы жабылады. Бұл үшін өлім туралы куәліктің расталған көшірмесі мен расталған арыз берушінің деректерін ұсыну керек. Құжаттар пошта арқылы жіберіледі және сайт әкімшілерімен кездесу міндетті емес.

24 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.