Атырау, 23 желтоқсан 03:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Атырауда тәулік ішінде 117 адамнан коронавирус анықталды

3 479 рет қаралды

Атырау қаласы әлі де қауіпті инфекцияның таралу ошағы болып отыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 90 жағдайы тіркелді. Ал, скрининг нәтижесінде қауіпті індет Теңіз кен орнынан 7 адамнан расталған.  Аудандарға келетін болсақ,  бір тәулік ішінде Жылыой ауданының 4, Қызылқоға ауданының 1, Индер ауданының 5, Құрманғазы ауданының 5 және Махамбет ауданының 6 тұрғынында Covid-19 анықталды. Коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 64 науқаста аурудың белгілері бар, ал 53 адамда ол байқалмайды.  Өткен тәулікте облыста коронавирустан 16 адам сауығып шықты.

Атырау облысы коноравирус инфекциясын жұқтыру қарқыны бойынша «қызыл» аймақта.  

Вакцинация бойынша мәлімет

15 сәуірдегі мәлімет бойынша, "Спутник V" вакцинасының I компонентін 1189 адам алды. Оның ішінде 34 медицина қызметкері, 20 педагог, 36 полиция қызметкері, 15 студент, жабық мекеменің 4 қызметкері, 54 құқық қорғау органдарының қызметкері, 14 мемлекеттік қызметші, 17 созылмалы аурумен ауыратын және 895 жергілікті тұрғын бар. 

2021 жылдың 1 ақпаны мен 15 сәуір аралығында "Спутник V" I компонентімен 12330 адам вакцинацияланды. II компонентпен 3093 адам егілді.

 

Стацинарлардың жүктемесі туралы ақпарат 

16 сәуірдегі мәліметке сәйкес, коронавирустан 548 адам емделуде. Жүктеме 28,3% құрайды (1993 орын):  - үй жағдайында 887 адам ем алуда; - модульді ауруханада -177 пациент;  - облыстық аурухананың инфекциялық стационарында - 94 пациент; - аудандық инфекциялық стационарларда - 122 пациент; - Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 155. Жансақтау бөлімшелерінде 32 науқас жатыр, олардың 8-еуі өкпені жасанды желдету аппараттына қосылған. Жүктеме 45,1% құрайды (71 орын).

16 сәуір 2021, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.