Атырау, 29 наурыз 01:09
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Гаухартас» ТК тұрғындары өздері салған балалар алаңын қорғайды

Сурет Бейнежазба
3 763 просмотра

«Гаухартас» тұрғын үй кешенінің тұрғындары өздері салған балаларға арналған ойын алаңының орнына жаңа үй салынуына қарсылық білдірді.

14 сәуірде олар наразылық білдіріп, құрылысшыларға сұрақ қою үшін аулаға жиналды. Бірақ құрылысшылар келген жоқ, тұрғындардың сұрағына қала әкімдігінің өкілдері жауап берді.

– Біз мұнда 2007 жылы көшіп келдік, үлескерлікпен қатысу бойынша пәтер сатып алдық. Сол кезде біздің кешенде күзет, балалар алаңы мен тұрақ аймағы болады деп уәде еткен құрылыс салушы «Казэнергоком» компаниясы болды. Осының ешқайсысын жасаған жоқ. Сондықтан біз балаларға арнап ойын алаңын салу үшін біртіндеп ақша жинадық, – дейді Саржан ҚЫСТАУБАЕВА.

Соңғы жылдары тұрғындар балаларға сырғанақ, әткеншек, орындық, құмсалғыштар сатып алып орнатты, футбол және волейбол алаңдарын жасады. Олардың айтуынша, мұнда көрші ықшамаудандардың да балалары  келіп ойнайды.

– Жақында жаңа мекеме өкілдері келді, олар бұл жер учаскесін 2011 жылы сатып алғанын және көлік тұрағымен 17 пәтерлі үй салуды жоспарлап отырғанын айтты. Олар тұрғындарға келіп, болашақта тұрақтан тегін орын береміз деп құрылысты мақұлдауға үгіттеді. Бірақ біз бәріміз қарсымыз, біз балалардың ойнайтын жалғыз орнын тартып ала алмаймыз, – дейді Қыстаубаева.

Тұрғын Мұрат МҰСТАЖАПОВТЫҢ айтуынша, олар жаңа құрылыс салушы кім, қандай компания және оның иесі кім екенін білмейді.

– Біз үшін ең бастысы – балаларымыздың ойын  алаңын қалдыру. Бұрын біз қала әкімдігінің көмегіне жүгіндік, содан кейін олар бізге балалар алаңына ешкім тимейді, ал құрылыс салушыға басқа жерде тең дәрежедегі жер телімі беріледі деп уәде етті. Ал бүгін біз осындай жаңалықты естіп отырмыз.

Осы кезде қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Ерлан ҚАБДИНОВ келді:

- Балаларға ойын және спорт алаңдарын тұрғындардың өзі салды. Қазір эскиздік жобаны келісу бойынша заңды тұлғаның өтініші түсті, алайда тұрғындардың мұндай реакциясы болғандықтан, эскиздік жоба келісілген жоқ, – деді Е.Қабдинов. – Қазір құрылыс салушыға эскиздік жобаны, абаттандыру, балалар алаңының жобасын кешеннің тұрғындарымен келісуге ұсыныс берілді. Жиналыс өткізіп, содан кейін ғана қадам жасау керек еді. Жер жеке тұлғаға тиесілі. Біз тұрғындарға жерді алып қою үшін сотқа жүгінуді ұсындық – егер тең құнды жер учаскесін алу-беру туралы сот шешімі болса, онда біз де қосылып, балалар алаңын салу үшін учаскені қала қорына алып, құрылыс салушыға басқа учаске бөлеміз, – деді Е.Қабдинов. Келесі күні тұрғындарды Атырау қаласы әкімінің орынбасары Жұмабек ҚАРАЖАНОВҚА шақырды.

Келесі күні біз тұрғындармен байланысып, олардың әкім орынбасарының қабылдауына барғаны туралы сұрадық. Иә, барған. Онда қалалық ТКШ, сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілдері қатысты. Олар күні бұрын әкімдік құрылысқа рұқсат бермейді деген жауап алды.

Ал әзірге тұрғындар жиналып, сотқа талап арыз беруге бел байлады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

15 сәуір 2021, 21:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.