Атырау, 21 желтоқсан 15:09
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Атырау» өз алаңында еркін теңескен ойын көрсетті

3 182 просмотра

14 сәуірде «Мұнайшы» стадионында «Атырау» және «Жетісу» (Талдықорған) командалары арасында ел чемпионатының 5-туры өтті.

Еске сала кетсек, күні бұрын «Атыраудың» жанкүйерлері осы стадионда жиналып, «Атырау» футбол клубының жетекшісі Қоныспай Шпановпен және бас бапкер Арам Восканянмен кездесу өткізген болатын. Шпанов, егер команда алдағы матчта ұпай жинамаса, отставкаға кететінін айтты.

Бірінші таймда және екінші таймның көп бөлігінде Шпанов уәдесін орындауға мәжбүр болатын сияқты көрінді. 37-минутта «Жетісу» ойыншысы Бауыржан ТҰРЕСБЕК «Атыраудың» қақпасына гол соғып, кипер бұған дайын болмай, сәтсіз ойын көрсетті. 0:1. Ал 67-минутта дәл сол Тұресбек айып алаңында алаң иелерінің қолмен ойнағаны үшін қақпасына тағайындалған пенальтиді жүзеге асырды. Бірақ қалған уақытта «Атырау» ойын барысын өзгерте бастады. Алдымен 76-минутта Питер КУНИЧ пенальти жасап, ал қосымша берілген 2-минутта Асхат БАЛТАБЕКОВ есепті теңестірді. Матч қорытындысы - 2:2, бұл біздің команда 5 турдан кейін жинаған бірінші ұпай. Келесі турда «Атырау» қызылордалық «Қайсардың» алаңында өтетін ойынға барады. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 сәуір 2021, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.