Атырау, 23 сәуір 17:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Атыраулық полицейлер үш баланы өрттен құтқарып алды

2 372 просмотра

11 сәуірде Құлсары қаласының 3-ықшам ауданындағы 5 қабатты үйдің бірінде өрт шықты. Хабарлама таңғы сағат 4-те Жылыой полиция бөлімінің 102 пультіне түсті. Қызметкерлер өрт сөндірушілерді шақырып, өздері оқиға орнына жедел түрде жетті.

Осы кезде пәтердің ішінде қалың түтін тұрды.  Өрт сөндірушілерді күтпей, төрт полиция қызметкері тұрғын үйге кіріп, 4, 5 және 6 жастағы үш баланы қауіпсіз жерге алып шықты, сондай-ақ көрші пәтерлердің тұрғындарын шығарды.

– Біздің қызметкерлер қауіпті жерде ешкім қалып қойған жоқ па деп пәтерлерді мұқият қарап шықты. Құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ, - деп түсіндірді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Жылыой ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Нариман ӨТЕШОВТЫҢ айтуынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Өрт ас үйде басталып, керілген төбесі толық жанып кетті.

- Өрт 20 минут ішінде сөндірілді. Екі техника мен бес қызметкер жұмылдырылды, - деді Н. Өтешов.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Атырау облысы ПД ұсынған сурет

13 сәуір 2021, 02:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.