Атырау, 12 қыркүйек 23:02
 дождьВ Атырау +21.5
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

​Көп қабатты үйлердің ауласында тұрған көліктерге қауіп бар

2 686 рет қаралды

Атырауда 28 жастағы қала тұрғынына тиесілі үйінің ауласында тұрған автокөлік ұрланды. ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру шаралары барысында екі күдікті ұсталды – олар 30 және 32 жастағы қала тұрғындары. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дәл осындай қылмыс Нұрсая ықшамауданында да жасалған: белгісіз біреу үйдің алдында тұрған «ВАЗ-2114» автокөлігін ұрлап кеткен. Полиция күдіктіні анықтап, қолға  түсірді.

Жыл басынан бері Атырауда көлік ұрлаудың 6 фактісі тіркелді. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

12 сәуір 2021, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.